Өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйден 6 адамды, оның ішінде, үш нәрестені аман алып шықты. Бұл туралы Aikyn.kz jблыстық ТЖД-на сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше сағат 17.28-де «Вокзал» шағынауданында орналасқан бес қабатты үй өртенгені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 3-қабаттағы пәтердің балконы жанып жатқанын анықтады. Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын (21 ересек, 17 бала) өз күшімен далаға шыққан. Дәліз қою қара түтін болғандықтан, өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды (3 ересек, 3 нәрестені) 2-қабат және 4-қабаттың тұрғындарын құтқарды.
Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.
Мамандар тез тұтанатын заттарды балконда сақтау талапқа сай келмейтінін ескертеді.