Оқиға Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында болды.
АЛЖИР музейінде лифті құлады
1,117
оқылды

АЛЖИР музейін аралап жүрген екі адам зардап шекті. Бұл туралы Aikyn.kz Ақмола облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеше Целиноград аудандық полиция бөліміне Астана қаласы Полиция  департаменті Жедел басқару орталығынан Ұлттық ғылыми травмотология және ортопедия орталығына түрлі сынықпен екі әйел жеткізілген туралы хабар түсті.

Зардап шеккендердің бірі – 83 жастағы Астана тұрғыны, екіншісі 54 жастағы Ақмол ауылында тұрады.

«Екеуі АЛЖИР музейін аралап жүрген. Лифт құлап, екеуі де жарақат алды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді департамент өкілі. 

Бұған дейін лифтіде кішкентай қызға тиіскен ер адам туралы жазған болатынбыз.