Жамбыл облысында жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті.
Жамбылда пойыз рельстен шығып кетті
2,100
оқылды

Апат салдарынан жолаушылар пойызы уақытынан кешігіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 шілде сағат 01.29-да Шу ауданында Аспара стансасында вагондар рельстен шығып кеткен.

«Тараз - Шу» бағытындағы жүк пойыздарының вагондары рельстен шығып кетті. Салдарынан жолаушылар пойызы кідіріп жатыр. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ТЖД азаматтарды психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары: 8 (726) 51-35-75, 8 (726) 41-41-67 жұмыс істейді. 

Фото: yandex.kz