Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Оралда 2 жасар бүлдіршін кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалды
1,916
оқылды

Орал қаласында 2 жасар қыз бала кір жуатын машинаның барабанына  қыстырылып қалған.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 17 шілде күні түстен кейін М. Жүнісов көшесіндегі 184-үйде болды.

«Сағат 14:20-да 112 пультіне қыз баланың жартылай автомат кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылғы қызды арнайы құралдардың көмегімен машина барабанынан шығарып, ата-анасына табыстады. Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15:00-де аяқталды. БҚО ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», – деп хабарлады ведомстводан.