Оқиға орнына қалалық ТЖД 62 қызметкері мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылған
Шымкентте тұрмыстық техника дүкенінен ірі өрт шықты
762
оқылды
Шатыр мен оған қоса берілген қойма толығымен жанып кетті. Бұл 17 шілдеде қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт сағат 15:24-те Төле би көшесіндегі екі қабатты тұрмыстық техника дүкенінен шыққан.

"Ғимараттың жалпы ауданы - 950 шаршы метр. Шатыры (шифер шатыры) мен оған қоса салынған қойма толығымен жанып кетті. Өрт аумағы 650 шаршы метр болды. Өрт сағат 16:45-те оқшауланды",– деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.