Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).