Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Серік Күдебаев елден қашқаны үшін 6 айға сотталды
720
оқылды

Алматы облысының Кеген аудандық соты экс-генерал Серік Күдебаевты Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, жарты жылға бас бостандығынан  айырды.

«Сот Серік Мырзақұлұлы Күдебаевты ҚР Қылмыстық кодексі 395-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға және оған 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім етеді», – деп Кеген аудандық сотының судьясы үкім оқыды.

Сот шешімі негізінде С.Күдебаевқа жалпы мерзімі 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, ол құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды. Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.