Бүгінде осы емханада адамды зорлықпен жатқызу үшін 40 мың рубль жеткілікті екені анықталған.
Жалған анықтама жасатып, кәсібін тартып алған
1,462
оқылды

Атақты стоматолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жеміс Айдарбекова  баспасөз мәслихатын өткізіп,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтан өзінің басынан өтіп жатқан жағдайға байланысты көмек сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі  Мәскеу қаласындағы №4  П.Б.ГАННУШКИН атындағы психиатриялық емханаға зорлықпен жатқызып, "есі дұрыс емес" деген жалған анықтама жасатқан. Мұны қасақана түрде жеке кәсібін тартып алу мақсатында ұйымдастырған. 

Бүгінде осы емханада адамды зорлықпен жатқызу үшін 40 мың рубль жеткілікті екені анықталған. 

Осы емханадан алынған анықтама нәтижесінде Жеміс Айдабекованың Алматы қаласындағы ең ірі SP Clinic тіс емханасын тартып алып, 3 баласын көруге құқығы шектелуіне негіз болған екен. 

Бұрынғы күйеуі Руслан Гаджиевке бірнеше рет қылмыстық іс қозғалғанмен, заң шеңберінде еш шара қолданылмаған.  

Бүгінде өз еңбегімен құрған кәсібінен де,  3 баласынан айырылған ана көптеген заңбұзушылық болып жатқанын күйіне жеткізді.  

– Мен Руслан Гаджиев есімді Қазақстан азаматына тұрмысқа шықтым. Біздің үш баламыз бар.  Өзімнің жеке тіс емханамды 2007 жылы ашқан болатынмын. Ал күйеуім онда қарапайым тіс дәрігері болатын. Бүгінгі таңда бұрынғы күйеуім жалған анықтама арқылы жеке кәсібім мен балаларымды тартып алды, – дейді ол. 

Түрлі жағдайлармен қоқан-лоқы көрсеткен күйеуі оған айтқан талаптарына келіспесе, жағдайы бұдан да қиын болатынын айтып қорқытқан.

"Маған кәсібіңнің 100 пайызын бересің, есесіне саған үй қалады" деп уәде берген күйеуінің  сөзіне сенген ол ақырында барлығын тартып алмақ болғанын айтады. 

Жеміс Айдарбекова қаншама дәлел-дәйектері бола тұра құзырлы мекемелер ешқандай әрекетсіз деп қынжылады.

Енді Ж.Айдарбекова еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арнайы үндеу айтып, бұл іске назар аударуын сұрайды.

Наурызбек Сарша