Әлеуметтік желіде түріктің Otokar компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техниканы сатып алуға келісім жасалғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде түрік тарапымен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ.
Otokar компаниясы бронды техника өндірушілерінің бірі ғана, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бұған дейін де хабарлаған болатын.
Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады.
Қазіргі уақытта аталған компанияның 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтардан өтуде. Олардың нәтижелері бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалады.
Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне жауап береді.
Сондықтан әлеуметтік желілерде таралатын әртүрлі жалған ақпаратқа сүйенбей, тек тексерілген, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.
Фото: inbusiness.kz