Есірткі зертханасын жойды.
ҰҚК 4 адамды есірткі дайындап отырған жерінен ұстады
3,205
оқылды

Биыл 12 және 14 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген іс-шара нәтижесінде, 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасын жойды. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

10 келіден аса «мефедрон» синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсор, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар  анықталып, тәркіленді. 

 

Есірткі әзірлеу үстінде 4 адам ұсталды. Қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

ҰҚК биыл жыл басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арнасын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорды тәркіледі.