Оқиға Шымкентте болған.
Полиция жолдың ортасында билеген блогерді жауапқа тартты
701
оқылды

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, көшеде билеген қызды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда блогер қиылысқа тоқтаған көліктен шығып, билейді.

«Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы тоқтатты.

Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Полицейлер қыздың Қызылорда облысының тұрғыны екенін анықтады.

Оны ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапқа тартты. 

Бұған дейін  сотталып кеткен блогер туралы жазған болатынбыз.