Премьер-министр тиісті Үкімет қаулысына қол қойды.
Түркістан қаласының аумағы ұлғаяды
4,405
оқылды

Сауран ауданының жерін қосу есебінен Түркістан қаласының аумағы кеңейеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін», – делінген Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Түркістан қаласының шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 29 шілдеде күшіне енеді.