Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Антикор.
«Біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Антикор өкілі сәлден соң толық ақпарат жарияланатынын айтты.