Семейде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
20 шілдеде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
2,426
оқылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысына, оңтүстігіне ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні – 15-18 м/с.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, 25 м/с болатын жел соғады. Өрт қаупі сақталады.

Семейде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігіне, шығысына, оңтүстігіне ауысып, екпіні 15-20, 25 м/с болады. Өрт қаупі сақталады.

Өскеменде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Өрт қаупі сақталады.