Бұл алаң әсіресе, жаз мезгілінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал етіп жатыр.
Атырауда ауыл тұрғындары өз күшімен волейбол алаңын салып алды
2,767
оқылды

Құрманғазы ауылының тұрғындары бірлесіп алғашқы волейбол алаңын салып алды. 3,5 мыңға жуық адам тұратын ауылда бұған дейін арнайы жабдықталған волейбол алаңы болмаған. 

«Осы уақытқа дейін жастар мен балалардың арнайы жабдықталған волейбол алаңында спортпен шұғылдануға мүмкіндігі болмаған еді. Бұл алаң балалар мен жастарды ғана емес, ауылдың егде тұрғындарын да біріктіретініне  сенімдіміз. Өйткені, волейбол ең танымал бұқаралық спорт түрлерінің бірі», – дейді ауыл тұрғыны, "Құрманғазы" волейбол алаңының жетекшісі Мұрат Садықов.

Ең бастысы, жаңа спорт алаңының арқасында ауылда волейболдан жастар командасы құрылған.  

«Бұл алаң әсіресе, жаз мезгілінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал етіп жатыр. Жастар арасында болашақ чемпиондар өсіп келеді. Ал, жаңа алаң жастардың  дамуына ықпал ететін механизм бола алады», – дейді "Құрманғазы" волейбол алаңының жетекшісі Мұрат Садықов.

Баян Жанұзақова