«Самұрық-Қазынаның» бірыңғай қайырымдылық операторы Samruk-Kazyna Trust-тің мәліметінше, биыл қызметті 70/30 тәсілімен жүргізіп жатыр.
«Самұрық-Қазына» қайта құрылған облыстарды дамытуға атсалысады
1,163
оқылды

Осылайша, «Самұрық-Қазына» қорының аймақтардағы қайырымдылық қызметі көбейеді. Яғни, бюджеттің 30%-ы елдік жобаларға бағытталса, қалған 70%-ы қордың компаниялары бар өңірлерге қарастырылуда. 

«Біздің мақсат аталған тәсіл арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту. Бүгінде 1 800 000 теңгеге 10 жобаны мақұлдадық. 17 жобаға арқау болған 2 миллиард 600 миллион теңгені қор кәсіпорындары бар өңірлерге және жаңа облыстарға тікелей бағыттадық», – деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust КҚ-ның бас директоры Альфия Адиева.

Жобада мемлекеттік тілді қолдау, әлеуметтік және медицина, еңбек қатынастарын дамыту, медиа, мәдени қоғамдастық пен адам әлеуетін дамыту секілді маңызды салалар қамтылды. 

«Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылдың алғашқы жартысында 4,4 млрд теңгеге 27 әлеуметтік жобаны мақұлдады.