Ұсталған адам есірткіні өзі пайдалану үшін сақтаған.
Ақмола облысының тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді
1,146
оқылды

Ақмола облысының тұрғынынан 6 келіден астам есірткі табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Polisia.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айының басында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталған. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді.

Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін сақтаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.