Гүлмира жақында қайтарымсыз грант ұтып алған.
Ерекше күтім қажет адамдарға көмектесті
653
оқылды

Бала жасынан 2-топ мүгедегі атанған Гүлмира Шынтемірова мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кабинет ашты. «Өз-өзіңе көмектес» деп аталатын кабинетте психологиялық кеңестерден бөлек, өзін-өзі дамытуға арналған мотивациялық тренингтер мен түрлі кәсіптік бағыттағы оқу курстары ұйымдастырылуда.

Ерекше атап өтерлігі, тағдырдың ауыр сынына мойымаған Гүлмира денсаулық жағдайының ерекше күтімді қажет ететіне қарамастан, екі жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған. Психологиялық жоғары білімі де бар. Тіпті, Гүлмира жақында қайтарымсыз грант ұтып алған. 

«Алдағы уақытта бұл жобамды үлкейтіп, кабинетімді де кеңейткім келеді. Себебі, бұл бастамамды өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандар қолдап, көбі келіп жатыр. Олар осы жерде өздерін жайлы сезініп, жаңа мүмкіндіктер мен түрлі кәсіпті меңгеру үшін қолымнан келгенін жасаймын», – дейді Гүлмира Шынтемірова. 

Кабинетте мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қызмет тегін көрсетілуде.  Алға қарай Гүлмира ерекше жандарды инфобизнеске баулуды жолға қоймақ. «Еңбек нарығында  сұранысқа ие SMM және мобилограф мамандықтары бойынша оқыту, компьютерлік сауатты жетілдіру, әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану бағытын үйретуді де жоспарлап отырмын», – деді Гүлмира Шынтемірова.

Баян Жанұзақова