Іс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматыда қыздың қолын байлап ұрған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
1,004
оқылды

Алматы облысының Полиция департаментіндегілер Қарғалы ауылында әйел адам кішкентай қыздың қолын байлап, аузын тұмшалаған видеосы туралы мәлімет берді.

Тексеру кезінде видеодағы әйел 1999 жылғы Т. есімді әйел екені белгілі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, келіншек қаршадай қызға оның ата-анасымен арадағы кикілжіңге байланысты зәбір көрсеткен.

«Бұл факт Жамбыл ауданы полиция бөліміндегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша тіркелді. Іс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Сонымен бірге, тиісті сараптама тексерулері тағайындалды», – дейді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.