Алматының үш ауданы жарықсыз қалды.
Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді.
Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандарын штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі ретінде ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануын айтты.