Көкшетауда мектептің ауласынан қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көкшетауда 18 жастағы қыз мектептің ауласында асылып қалды
1,358
оқылды

Ақмола облыстық ПД-нің мәліметінше, кеше сағат 09.50 шамасында Әуелбеков көшесі 177 мекенжайында орналасқан №16 орта мектеп ауласында асылып тұрған қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. 

«Оқиға орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел тергеу тобы барды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді ПД өкілі Гүлнар Пинчук.

Бұған дейін кеше Алматыда бала-шағасының көз алдында асылып өлген келіншек туралы хабарлаған болатынбыз.