Облыс орталығында Үржар ауылының әуежайы жөндеуден өтті.
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартты
835
оқылды

Әуежайдың ұшу-қону жолағын аэровокзал ғимаратын қайта құру  жобасы 2020 жылы жасалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, 2008 жылдан бері Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Аудан орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау жасалды.

Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 2 100 метр. Қайта жөндеуден кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты ұшақтар қона алады. Осылайша, модернизациядан кейін Үржар әуежайы шағын авиациялық ұшақтар ғана емес, Embraer, Bombardier және т.б. санаттағы ұшақтарға қолайлы болды.

Туристік маусым кезінде «Оңтүстік аспан» әуекомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал QAZAQ AIR әуекомпаниясының Астана қаласына әуе рейсі ашылды. Билет  бағасы субсидия есебінен төмен бағамен сатылады.