Атмосфералық фронт әсерінен 22-24 шілдеде ауа райы жауын-шашынды болады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
22 шілдеде шығыста, 22-23 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.
Синоптиктер ауа температурасы күрт өзгермейтінін айтты.
Бұған дейін синоптиктер өрт қаупі бар екенін хабарлаған болатын.