Қыз мектеп ауласында асылып қалған.
Көкшетаудағы  мектептің аумағынан қыздың мәйіті табылды
806
оқылды
Көкшетаудағы №16 орта мектептің аумағынан 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, марқұм мектеп қызметкері емес. Ол қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істейтін.

"Қыз асылып өлді. Оқиға орнына Көкшетау қалалық ІІД жедел-тергеу тобы шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.