26 жастағы Ақтөбе тұрғыны колонияға кір жуатын сұйықтық әкеліп, оны ағасына бермек болған. Қаптаманың ішінен мекеме қызметкерлері белгісіз зат салынған пакетті анықтады. Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлайды.
Ақтөбелік тұрғын түрмедегі бауырына зат салғаны үшін он жылға сотталуы мүмкін
2,610
оқылды

Әйел кір жууға арналған гельді колонияға тапсырғаннан кейін оны Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері тексерді. Сұйық кір жуғыш зат салынған қаптаманың ішінде олар қоңыр түсті зат салынған пакетті тапты. Әйел бауырына есірткі берді деп күдікке ілінді.

"Қылмыскерге Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша хаттама жасалды, тергеу басталды. Сараптама нәтижелері бойынша белгісіз заттың есірткі болып табылатындығы дәлелденген жағдайда оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнеді", – деді ҚАЖД бастығы Руслан Оразбаев.

Егер сараптама есірткі берілмегенін көрсетсе, онда одан айып алынып тасталады.