Елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды.
Еліміз бойынша магистратураға түсу үшін тестілеу басталды
1,310
оқылды

Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 43 мыңға жуық өтініш қабылданып отыр. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.

Барлық қалаушылар үшін тіркеу бір жарым ай жүргізілді. Тіркелу барысында оқуға түсуші тестілеу орнын өзі таңдады. Емтихан бүгін басталып, 10 тамызға дейін жалғасады, - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетсек, магистратурада оқу үшін 2023 жылы 13 мыңнан астам грант бөлінген. Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 11-14 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.