Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көлік сатып алмақ болған өскемендік тұрғын алаяқтың құрбаны болды
1,995
оқылды

Өскемен қаласының тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданып қалды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан ер адам алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді.

«Жәбірленушінің айтуынша, автокөлік сатамын деген танысы 6 000 000 теңге сұраған. Бұған сенген ол ақшаны бергенімен сол күйі көлікті ала алмады. Жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу кезінде ол өз заңсыз әрекеттерін толық мойындаған», – делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.