Жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн немесе мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда республикалық бюджет қаражаты есебiнен жерлеуге бiржолғы төлем беріледі.
Мәйітті жерлеуге берілетін бірреттік төлемнің мөлшері екі есе өсті
11,158
оқылды

Ол марқұмның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға төленеді. Осылайша, мемлекеттік төлем мөлшері 15,7-ден 35 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Яғни 2023 жылы 1 шілдеден бастап 120 750 теңге болады.

Егер қайтыс болған азамат Ұлы Отан соғысының ардагері болса, бұл төлем 36,6 АЕК (126 270 теңге) болады.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 есе / 3450 х15, 7=54 165 тг айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемнің орнына Әлеуметтік кодекстің 244-бабына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге 35 еселенген АЕК 3450х35=120 750 теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленетін болады, – деп жазылған хабарламада.