Атырауда ерекше плакатпен көшеге шыққан бойжеткен көпті шошытты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Күйеу іздеймін»: Атыраулық қыз осындай жазуы бар плакат ұстап, көшеге шықты
6,069
оқылды

Атыраулық жергілікті пабликтердің бірінде "Күйеу іздеймін" деген жазумен Жайық өзенінің жағасымен жүріп өткен қыздың видеосы тарады. Плакатты жағалаудағы Жастар паркімен кешкілік мезгілде ұстап өткен қызға көшедегілер түрлі реакция білдіріп жатты.

Жігіттер жағы қызға жымия қарап, оған ілтипат білдірсе, отбасылық жұптар, ересектер жағы мұндай қадамды қоштамай бас шайқап жатты.

Коммент қалдырушылар пікірі де екіге бөлінді. Біреулер бойжеткенге бақыт тілесе, екіншілері мұндай әрекеттің қазақ қыздарына жат екенін айтуда.

Мұндай "ерекше" жағдай бұл Атырауда бірінші кездесуі емес. Бұған дейін қоғамдық көлікте бір топ адамның ішкиім ілген жағдайлары тіркелген еді.

Желі қолданушылары мұндай "құбылыстардың" жеке тұлғасын дамытқысы келетіндерге арналған тренинг ұйымдастырушыларының "тапсырмасы" екенін жазуда.

Яғни, түрлі "тосын" жағдайларға адамды дайындаудың бір әдісі" деп жазды желі қолданушыларының бір тобы.