Қарағандыда Сәтбаев көшесінде орналасқан "Қарағанды жарық" трансформаторлық қосалқы стансасынан шыққан өрт пен қою қара түтін жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Оқиға жексенбі, 23 шілде күні түстен кейін болған.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы хабарлама сағат 13:15-те түскенін хабарлады. "Қарағанды жарық" ЖШС аумағында 15 шаршы метр аумақта трансформатордың майы жанып кеткен.
"Өрт сағат 14:24-те сөндірілді. Су төгу жұмыстары аяқталғаннан кейін "Қарағанды жарық" ЖШС күштері №4 трансформатордан қуат алатын абоненттерді көршілес трансформаторға қосады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген ведомство таратқан хабарламада.