Абай облысында есірткі таратып жүрген топ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абайда есірткі таратқан жастар ұсталды
1,211
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, полицейлер есірткіні жеткізушілердің жолын кесті. 18, 25 және 29 жастағы үш жергілікті тұрғын синтетикалық есірткіні құпия орындарға жасырын қойып кетіп отырған.

Ұсталғандардан сатуға арналған 250-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі, сондай-ақ мобильді құрылғылар тәркіленді. Олардың көмегімен жасырын орындарды суретке түсіріп, есеп беріп отырған. Телефонды тексеру кезінде Telegram-да «курьерлер» тауар бойынша нұсқаулар мен координаттар жазылған хат табылды. 

«Сараптама 73 грамнан асатын A-PvP психотроптық есірткі екені анықтады. Қара нарықтағы бағасы 2 млн теңгеден асады, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 200 келіге жуық есірткі тәркіледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.