Жетісу облысы аумағында ауыр жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты.
«2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексерілуде», – деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
ҚТЖ жүргізушілерді жолда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.