Жоғары оқу орындарына профессор-оқытушы құрамның жалақысын 20 пайызға арттыру ұсынылды.
ЖОО оқытушыларының жалақысы 20 пайызға артады
1,929
оқылды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылдың 13 маусымындағы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда профессор-оқытушы құрамның ұсынылатын ең төменгі жалақысын анықтау туралы» №272 бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындарына профессор-оқытушы құрамның жалақысын 20 пайызға арттыру ұсынылды», – деп атап өтті ведомстводан.

Осыған орай ЖОО-лардың оқытушылары – 240 мың, аға оқытушылары – 276 мың, қауымдастырылған профессорлар – 312 мың, профессорлар – 420 мың, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы профессорлары 480 мың теңге алады.