Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск оның логотипін өзгертті. Бұрынғы құс бейнесі Х белгісіне ауыстырылды. Жаңа логотип дизайнын әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ұсынған.
17 жылдан бері қолданыста болған логотипті ауыстыруға бар болғаны бір күн уақыт кеткен. Илон Маск алдағы уақытта Twitter атауын да өзгертпек.
И.Маск демалыс күндері желі қолданушыларынан әлеуметтік желіге жаңа логотип жасауға көмектесуін сұраған. Кейін ұсынылған нұсқалардың бірін таңдады.
Осылайша бүгін X логотипі әлеуметтік желінің дизайнында, сондай-ақ Twitter-дің Сан-Францискодағы бас кеңсесінде пайда болды.