Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҰБТ-да түлектерге жоғары балл алуға көмектескендер ұсталды
7,186
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысындағы департаменттері өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді және педагогтердің білімін бағалауды жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2023 жылғы 24 шілде күні таратқан ақпаратына сүйенсек, күдіктілер серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алатынын пайдаланып, арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың компьютеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақыға тесттен жоғары нәтижелер алуға көмектескен.

"2023 жылғы 19 шілдеде 3 негізгі күдікті ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.