"Ислам діні уағызшысына 55 млн-ның 300 «крузагын» типа сыйлады.
"Көліктің бәрі жақсы, егер дөңгелегі Алланың жолында айналса" деп бір ғалым айтыпты деген «ғалымы» өзі-ау осының.
Бұларда «Мұһаммед айтыпты» деп өз сөздерін аңырата беру бұрыннан бар-ғой.
«Әлсіз хадистер» деген қайдан шықты, болмаса?
Жә, бұл қайдан келген 55 млн-дық «батпан құйрық»?!
«Танымал қыз-келіншектерге ақша төлеп, хиджап кигізіп жатыр екен» дегендер болған.
Демек, ақша Саудиядан келіп жатыр", - дейді жазба авторы.
Оның сөзіне қарағанда, Ислам дінін жарнамалап таратып, үлкен/кіші қажылыққа, бұған қосымша Сауд Арабияға туристерді тарту үшін бөлініп жатқан гранттардан болуы керек.
"Мысалы, 55 млн 5 млн-нан қажылыққа барған 11-ақ адамның ақшасы.
Ал бұлардың арқасында мыңдаған адамдар дінге кіруде: қажылыққа баруда.
Олай болса, неге мінгізбеске?
Уағызшының қымбат көлік алуының басқа жолын көріп тұрған жоқпын мен.
Сіздер қалай ойлайсыздар?", - деп сұрайды Тортуыл Шоқан.