"Көзінің жанары өзгергенмен, “көзқарасы” өзгергеніне кім кепілдік бере алады?
Қанды Қаңтар оқиғасында шетел асып, туған Отанына келмей, “духилатып” жүрген ағамызды халыққа ақыл айтуға кім алып келді?
Көзі өзгергенмен, ойы өзгергеніне жоғарыда отырған қайсың жауап бересіңдер?
“Сәләфиттерге адасып, білмей кіріп шықтым” деген адам, тағы адасып жүрмейтініне кім жауап бере алады?
Мұхамеджан Тазабек – басқаны қатырмаса да, әдемі сөйлеуді қатыратынына бүкіл халықтың көзі жетті ғой!
Қаңтарға дейін тәртіп сақшыларға халықты ұруға үгіттеп жүрген уағызшы, қаңтардан кейін әйел, бала тәрбиесімен айналысатын “коуч” болып шыға келді?!
“Әйелдер күшейіп кетіпті, ер азаматтарды төмендете бермеу керек” деп пікір қалдырған Мұхамеджан ағама айтарым бар.
“Асыл арна” каналыңа және өзіңе де рақмет айт, қазақтың еркек кіндіктілерін қатын-қалашпен салғыластырып, тоқал алумен жарыстырып қойған.
Нәтижесі мен жемісі енді ұнамай жатыр ма?
Қазақ әйелдерінің беделі артып, табысы күшейіп кеткені - жаныңызға батып жатыр ма?
Ауғанстан елі сияқты әйелдерді “қара шүберекке” тұмшалап, одан қалса ұрып-соғып, халықты Қайрат Сатыбалды ағаңызға құлша табындыруға алып келе жатқан “миссияңыз” орындалмай қалды ма?
Қазақ жігіттерінің орта ғасырға еніп: өз нәпсілерін қандыра алмай тоқал іздеп, миы уланып, қыздарды “қара шүберекке” орап, таяққа жығып жүргені ұнамай жатыр ма?
Енді өзіңіз соны қалаған жоқсыз ба? Елімізде тұрмыстық зорлық -зомбылықтың, оның ішінде әйелдер арасындағы зорлықтың күшеюіне - өзіңізді кінәлі санамайсыз ба?", – деген заңгер дінтанушыға.
Сонымен қатар блогер Тазабектен қанды қаңтарда халыққа және Президентке қарсы шығып, мемлекет ішінде бүлік жасағандарға неге тоқтау айтпағанын сұрайды. Сол кезде қайда болғанын білгісі келеді.
"Түрмеге рұқсат қағаз алып берейін…
Халықтың ақшасын миллиардтап жеген, құшақтасып жүрген ағаларыңа деген сағынышыңды басып, бір жағы тренинг өтіп, арнайы ақылыңды айтып қайтарсың!" – дейді Айгүл Орынбек.