Шымкентте субұрқаққа шомылған 10 жастағы бала мерт болды. Бұл туралы Aikyn.kz Шымкент қаласы ТЖД-на сілтеме жасап хабарлайды.
Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа суға түскен 10 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды. Сағат 19.30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түскен.
«Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады», – делінген ресми ақпаратта.
Жалпы, Шымкентте 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.