Шымкентте 7 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.
Оқиға Әл-Фараби ауданы Есіл көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ал анасы сол сәтте жуыну бөлмесінде болған.
«Дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 24 шілде күні сағат 16.20 шамасында хабарлама түсті. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған ер бала оқиға орнында көз жұмды», – деді Ирисмат Махмудов.
Қалалық ТЖД балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.