Қыз ересектердің қараусыз қалған
Оралда екі жастағы қыз дәретханаға құлап мерт болды
979
оқылды
Оралда екі жасар қыз үйдің ауласындағы дәретханаға құлап мерт болды.

Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болған. Полицейлердің айтуынша, ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған.

"Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген ойнап жүрген балалар дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел- жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Қыз ересектердің қараусыз қалған", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді.