Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды
Алматыда базар маңында жүк көлігі қызды қағып кетті
1,094
оқылды
2023 жылғы 25 шілде күні түсте Алматыдағы барахолка базарында оқушы қызды жүк көлігі қағып кетті: қыздың отбасы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.

Әлеуметтік желіде болған жайттың бейнежазбасы жарияланды.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма жолымен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.