Пәтерден 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Лермонтов көшесіндегі пәтерде ұрып-соққаннан көз жұмған 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», – деп жазылған ресми хабарламада.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы күдікке ілінді. Қазір оны ұстау үшін іздестіріп жатыр.