Петропавл қаласының аумағында СҚО ПД қызметкерлері қалалық мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады, – деп хабарлады Рolisia.kz.
28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізген. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
«ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», – деп жазылған хабарламада.