Екібастұзда автогаз құю бекеті өртенді. Жалынның үйлерге тарау қаупі бар. Бұл туралы Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«26 шілде сағат 13:24-те Екібастұз қаласында Қонаев көшесі, 5 мекенжайында автокөліктерге газ құю бекетінен өрт шықты, 4 цистерна ашық жалынмен жанып жатыр. От жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты.
Өрттің көрші ғимараттарға өту қаупі бар. Жеке үйлер жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқан.
Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталуда, өртті сөндіру жалғасуда», – делінген ТЖД мәліметінде.