Бурабайда құтқарушылар Түркістан облысынан келген 50 жастағы әйелді құтқарды.
Бүгін, Бурабай кентінің №7 құтқару жасағының құтқарушылары 600 метр биіктіктен, «Көкше» тауының байқау алаңынан түсу кезінде тайып, аяғын шығарып алған Түркістан облысынан келген 1973 жылғы әйел адамды құтқарды.