Ақтауда кішкентай қыздарға тиіскен ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
25 шілдеде кезекші 102 пультіне 28 «а» шағынауданы 1-үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскен.
«Учаскелік инспектор шақыртуға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға тиіскені анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі және 449-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды», – делінген хабарламада.