Апат орнынан жасөспірімнің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оператор болып жұмыс істеген жігіт автогаз бекеті иесінің ұлы екенін растады.
«Өрт кезінде қаза тапқан 2006 жылы туған жігіт жанар-жағармай құю станциясының операторы болып жұмыс істеген. 17 жастағы жігіт өртенген газ құю бекетінің иесінің ұлы болған», – деді департамент өкілі.
Апаттан куәгерлер қатты шошынып қалған. Олардың бірі қаза тапқан 17 жастағы жігіттің анасы. Сонымен қатар 1991 және 1974 жылы туған әйелдер, соңғы екеуін ауруханаға алып барудың қажеті болмаған.