Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі таратқан қызды ұстады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Жуырда жұмыстан шыққан медбике есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды
1,175
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, қыз полицейлерді байқап қалып, есірткіден тезірек құтылу үшін, өз көлігінің астына лақтырып жіберген. 

Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза есірткі тапты. Ұсталған бойжеткеннің көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам гашиш тәркіленді. 

Оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды. 

Тергеушілер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен кеткені белгілі болды. 

Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.