Астананың оң жағалауында жеке тұрғын үй өртенді.
«27 шілде күні сағат 14:11-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Ер Қосай көшесінің бойында өрт шарпыған нысанға бағытталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, автоцистерналар, жанғыш сұйықтық құйылған бөшкелер және екі қабатты коттедж өртеніп жатқанын анықтады. Сағат 14:45-те аталған нысандағы өрт ауыздықталды», – делінген елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінде.