Оған зорлық-зомбылық, ойран салу, қирату, мүліктің жойылуымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздіктерге немесе жаппай тәртіпсіздіктерге арандатуға шақыру баптары бойынша айып тағылған.
"Сот 2022 жылғы 5 қаңтарда М. ТЖ режиміне қарамастан Алматы қаласының аумағында зорлық-зомбылық, бүлік салу, өртеу, мүлікті қирату, жою, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзу, басқа азаматтар мен ұйымдардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірумен қатар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанын анықтады", – делінген хабарламада.
Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, М. басқа да қатысушылармен бірге полиция мен әскери қызметкерлердің шебін бұзған. Содан соң ол көпшіліктің алдында сөз сөйлеп, халықты билік өкілдерінің заңды талабына бағынбауға шақырған, жеңіл көліктерді қиратып, полиция қызметкерлеріне тас лақтырған.
"Сот үкімімен М. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, рақымшылық жасау туралы заңды қолдана отырып, кесімді түрде 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді",– деді Бостандық ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.